Павлодарда трамвай әйелді сырып өтті. Ол ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 қаңтарда сағат 09:51-де трамвай 37 жастағы әйелді сырып өткен.
Оның бел-сегізкөз омыртқасы жарақаттанды.
Жедел жәрдем бригадасы әйелді қалалық №1 ауруханаға жеткізді.
Зардап шеккен әйелдің айтуынша, ол жұмыстан шығып, жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқанда трамвай сигналын естімей қалған.
Фото pixabay