Аудан бойынша газ тарату жұмыстары тәулік бойы үздіксіз жүргізілуде. Қазіргі таңда мекемеміздегі 18 қызметкер 94 газ тасымалдау қорабы арқылы тұрғындарды табиғи газбен қамтып отыр, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Табиғи газдың үздіксіз қолданылуы қыс айларында орын алатындықтан аудан тұрғындары қауіпсіздік шараларын басты назарда ұстауы керек. Егер газдың шығуы газ аспабындағы ашық краннан шыққан жағдайында оларды пайдалануды тоқтатып, үй-жайды желдету және дереу 104 телефоны арқылы авариялық газ қызметін шақыру қажет.
Бұл өз кезегінде халықтың сақтығы мен қолайлы ортада өмір сүруіне жасайды.
Асылхан Қосшығалиев,
«QAZAQGAZ AIMAQ» акционерлік қоғамы Атырау өндірістік филиалының «Мақат газ шаруашылық» бөлімінің инженер маманы
фото: ara24.kz