Атырауда мас жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетті...

Атырауда мас күйде жаяу жүргіншіні қаққан жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

17 қаңтар күні сағат 14:40 шамасында 38 жастағы маркасы Ваз АЗ-2111 жүргізушісі С.Датов көшесімен келе жатып, С.Бейбарыс мешіті тұсында маркасы Yutong қоғамдық көлікті соғып, оқиға орнынан бой тасалаған. Сонымен қатар ол жаяу жүргіншілерге арналған жолақтан өтіп келе жатқан 25 жастағы азаматты қағып, әрі қарай қашып кетті. Полицейлер жүргізушіні С.Бейбарыс және Тайманов көшелерінің қиылысында тоқтатқан. Сараптама қорытындысымен оның орта дәрежелі мас екені анықталды. Аталған дерек негізінде, автокөлік арнайы тұраққа қойылып, қазір тиісті іс-құжаттар жинақталуда. Осы ретте, облыстық полиция департаментінің мамандары жол ережелерін қатаң сақтап, автокөлікті мас күйде басқармауды ескертеді. 

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ