Атырауда карантин алынып тасталды

Сібір жарасы анықталуына орай "Асыл-Агро" мал базарында енгізілген карантин алынып тасталды, деп хабарлайды АtyrauРress тілшісі.

Атырау облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарлауынша, аталған базар дезинфекциядан өтіп, жіті тексерілген. Қазір қалыпты жұмысына оралған.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың 20 қарашасында "Асыл-Агро" базарындағы ірі қарадан сібір жарасы анықталған болатын. Осыдан кейін карантин енгізіліп, екі қызметкерге "сібір жарасының терілік түрі" диагнозы қойылды. Олар облыстық ауруханада толық емделіп, сауығып шыққан.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ 

Фото freepik