Құрсай каналы мен Жем өзені тереңдетілді

Жылыой ауданындағы Құрсай каналы мен Жем өзенінің 65 шақырымы тереңдетілді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Жалпы ұзындығы 95 шақырымды құрайтын жоба аясында Құрсай каналы – 46,1, ал Жем өзені – 48,9 шақырымға тереңдету, сондай-ақ 61 шақырымдық бөгет салу жоспарланған. Бұл туралы облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрберген Құсайынов мәлім етті. Бүгінде Құрсай каналының 34,6 шақырымы, ал Жем өзенінің 30,8 шақырымы тереңдетіліп, 61 км құрауы тиіс бөгеттің үштен бірі аяқталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім етті. 

- Бұл жұмыстар 2024 жылы тамызда басталды. Бөгет Жем өзені жағасынан бастап Құлсары қаласын қоршап салынуда. Жалпы іске 450 адам мен 204 техника жұмылдырылды. Тасқынның алдын алу жұмыстарын көктемге дейін аяқтамақпыз, - деді Н. Құсайынов.

Сәуле МАҒАУ