Зинеден мен Қызылүй көшелері жарықтандырылмақ

Қызыл үй елдімекеніне электр желілері және көше жарығы жүргізіледі, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Аудан әкімдігінен білгеніміздей, электр желісі СИП кабельге, онымен бірге ағаш соқалар темір бетон соқаларға ауыстырылады. Ал, көше жарығына КТПНГ - 25 - 10/0,4кВ қондыру, СИП кабельге ауысу да қарастырылған. Көше жарығына консоль түріндегі “Street-12-150/2E-B67” жарық диодты шамдар қондырылады. Жалпы қуаты – 5,7 кВт. Электрмен жабдықтау санаты – III.

Сондай-ақ, Зинеден ауылының көшелері де самаладай жарқырамақ. Жобаланатын ӘЖ ұзындығы – 13,8 шақырым (ВЛ 0,4кВ). Барлығы 400 үстінде шамдар қондырылады. Қолданыстағы трансформаторлар ауыстырылады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ