28 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

28 қаңтарда Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі ortcom.kz-ке сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен 2025 жылғы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтеді.

Отырыс барысында еліміздің былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары шығарылып, Үкіметтің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері айқындалады. 

Сонымен қатар Премьер-Министр Олжас Бектенов, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов және бірқатар өңірдің әкімдері баяндама жасайды.

Фото: Ақорда