Атыраулық 100 зейнеткер шипажайда тегін емделді

Атыраулық 100 зейнеткер шипажайда тегін емделді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

2023 жылғы желтоқсаннан былтырғы қазанға дейін "Атырау" шипажайында ТШО қолдауымен атыраулық 100 зейнеткер демалып, денсаулығын жақсартты. Олардың ішінде Жылыой ауданынан 53 зейнеткер қамтылды.

- Бұдан басқа, 2024 жылы кәсіпорын Құлсары қаласының орталық аудандық ауруханасына жабдық сатып алуға демеушілік көмек көрсетті. Атап айтқанда, медициналық мекемеге жалпы құны 53 млн теңгеден асатын күйікке шалдыққан науқастарға арналған реанимациялық төсек берілді, - деді Жылыой ауданындағы компанияның ресми өкілі Нұрлан Ерғалиев. 

Денсаулық сақтау басқармасына өңірдің медициналық мекемелеріне 300 ноутбук табысталды. Жылыой аудандық орталық ауруханасына қосымша 200 ноутбук сатып алынды. 

Сондай-ақ, 2024 жылдың соңында мекеменің бизнес-серіктестерінің бірінің демеушілік қаражаты есебінен Құлсары қаласының отбасын қолдау орталығына 1 шағын автобус пайдалануға берілді.