Наурызнаманың онкүндігі және Ізгі істер марафоны аясында «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен “Жаныңдамын” және «Жақсылықта жарысайық» қоғамдық қорлары көпбалалы, аз қамтылған, мүгедек бала тәрбиелеп отырған 20 отбасыға азық-түлік жиынтығын дайындап, тарту етті. Айта кетелік, өткен жолы 20 шақты отбасы шараның шарапатын көрген болатын.

Іс-шарада «Жақсылықта жарысайық» қоғамдық қорының басшысы Артур Камиев Наурыз мерекесіндегі қайырымды іс-шараның маңызына тоқталып, алда да жалғасатынын жеткізді.

Өз кезегінде аналар мұқтаж сәтте қол ұшын созған партия мен қайырымды азаматтарға ақ батасын беріп, ризашылығын білдірді.
Рита ЖАЙҒАЛИҚЫЗЫ
Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ