Атырауда тағы да ыстық су болмай ма?

Бұл туралы «Атырау жылу жүйелері» АҚ мәлімдеді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

– Күрделі жөндеу жоспар-кестесіне сәйкес жылу пункттерінің жабдықтарын тексеру (ревизия) бойынша жөндеу жұмыстарына байланысты 2025 жылғы 21-25 сәуір аралығында келесі мекен-жайлар бойынша ыстық су беру уақытша тоқтатылады («Абулгапарова»  ОЖБ:Азаттық 21, 21 "а", 23, 23 "а", 25, 27, 29,  33, 35, Смағұлов 20, Досмұхамбетов  4,  Хакимов 1, 3, 16 /4/. «№ 14»  ОЖБ:  Сәтпаев 19, 19 ("а","б","в"), 21 "а", 23, 25, 27, 29, 33, 35. Құлманов 135, 139, 147, 152, 154, 154 "а". «Ерниязов» ОЖБ: Жарбосынов  71, 83 "в",  85, 87 "б", Ерниязов 16, 18). Осыған байланысты уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, - делінген хабарламада.

Амандық АБДОЛ