Көктем ықшамауданында не болған?

17 сәуірде кешкі сағат 19:00 шамасында Атырау қаласы Көктем ықшамауданы тұсында Камаз маркалы автокөлік тасжолдан шығып, жол жиегіне құлаған, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Салдарынан цистернадан мұнай өнімдерінің төгілуі орын алды. Облыстық ТЖД құтқарушылары жарылыс пен өрттің алдын алу мақсатында кезекшілікке жұмылдырылды. Имидждік жұмыс және сыртқы коммуникациялар тобынан білгеніміздей, көлікті қалпына келтіру кезінде құтқарушылар көбік шашу жұмыстарын жүзеге асырды. Зардап шеккендер жоқ. Аталған қалпына келтіру жұмыстары сағат 22:50-де аяқталды. Шақыртуға 12 қызметкер, үш техника жұмылдырылды. 

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ