Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2024 жылғы 6 қазандағы сағат 18.00-дегі жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 61,56%-і бюллетень алды.
Саясат
Жылыой ауданында сайлау комиссиясының мүшелері мүмкіндігі шектеулі және денсаулық жағдайына байланысты референдум учаскесіне келе алмайтын азаматтардың үйіне барып, дауыс беруге жағдай жасады, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жылыой ауданының тұрғындары референдумда белсенділік танытуда. Арыстановтар отбасы да Құлсары қаласындағы №95 дауыс беру учаскесіне келіп, өз азаматтық борыштарын орындап, таңдау жасады.
Орлы ауылдық округіне қарасты №176 референдум учаскесінде науқан қызықты өтуде. Комиссия төрағасы Төребай Рысқалиев.
Теңіз кен орнында дауыс беру өте белсенді өтіп жатқаны сонша, дауыс беру учаскелерінің бірінде урнаны ауыстыруда, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Кудряшов ауылдық округінде АЭС салу бойынша республикалық референдум ерекше белсенділікпен өтуде. Жергілікті тұрғындар дауыс беру учаскелеріне көптеп жиналып жатыр.
2024 жылғы 6 қазанда Компанияның шалғай өндірістік алаңдарында Қазақстанда атом электр стансаларын салу жөніндегі ұлттық референдумға NCOC компаниясының вахталық әдіспен жұмыс істейтін Қазақстан азаматтары қатысты.
Жалпыхалықтық референдум қоғамның қозғаушы күші – жастар тарапынан да қолдау табуда.
Өзбекстан еліндегі референдум учаскесінде атыраулық журналист Динара Жоламанқызы да дауыс беріп, өз таңдауын жасады.
Есбол ауылдық округінде орналасқан 122 референдум учаскесінде тұрғындар белсенділікпен қатысуда.
Жанбай ауылындағы Х.Наубетов орта мектебінде орналасқан №135 референдум учаскесінде 90 жастағы ақ жаулықты Назимова Гүлжан әже келіп, өз таңдауын жасады.
Теңіз кен орнында 10 референдум учаскесінің мүшелері жұмыс істеп жатыр. «Теңізшевройл» ЖШС мен мердігер мекемелердің қызметкерлері бекітілген 7 пункте дауыс беруде, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.