Саясат

Референдум: жұмыс тобы онкодиспансер ұжымымен кездесті

Референдум: жұмыс тобы онкодиспансер ұжымымен кездесті

Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум өткізуге дайындық аясында халықтық штаб мүшелері түсіндіру жұмыстарының қарқынын арттыра түсті. Осы мақсатта «AMANAT» партиясының Атырау облыстық филиалы жанында 14 жұмысшы тобы құрылған. Бұл топтар халық арасында референдумның мән-маңызын түсіндіріп, атом энергиясының халық саулығы мен қоршаған ортаға әсері туралы кеңінен ақпарат беруді көздейді.

Орталық референдум комиссиясының төрағасы – Атырауда

Орталық референдум комиссиясының төрағасы – Атырауда

Орталық референдум комиссиясы төрағасының қатысуымен 2024 жылғы 6 қазанда Республикалық референдумды өткізу мәселелері бойынша кеңес өтті. Басқосуға референдум комиссия мүшелері мен төрағалары, мүдделі мемлекеттік және құқық қорғау органдары өкілдері қатысты,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Президент кеңесшісі имамдармен кездесті

Президент кеңесшісі имамдармен кездесті

Республика Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев облысқа жұмыс сапары барысында «Иманғали» мешітіне қарасты «Құран жаттау және діни сауат ашу орталығында» имамдармен кездесіп, Президент Жолдауында көтерілген маңызды тақырыптар аясында сөз өрбітті. Сала мамандарының дін қызметіндегі атқарып жатқан жұмыстарына алғысын білдірді.

 Президент кеңесшісі атыраулық студенттермен кездесті

Президент кеңесшісі атыраулық студенттермен кездесті

Бүгін Атырау облысына арнайы сапармен Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Отарбаев Мәлік Нұржанұлы келді. Сапардың басты мақсаты Атырау жұртшылығымен кездесіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

6 қазанда 274 референдум учаскесі жұмыс істейді

6 қазанда 274 референдум учаскесі жұмыс істейді

Атырауда референдумға дайындық жұмыстары басталды. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің төрағалымен өткен жиында аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумов баяндады,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

"Жекеменшік мектепке қанша қаражат бөлініп жатқаны ашық көрсетілуі керек"

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм" атты Қазақстан халқына Жолдауында ел ертеңі үішн маңызды мәселелерді көтеріп, батыл бастамаларды ұсынды.

Саяси және әлеуметтік-экономикалық даму – басты назарда болмақ

Саяси және әлеуметтік-экономикалық даму – басты назарда болмақ

Мемлекет  Басшысы Қасым-Жомарт  Кемелұлы Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жариялады. Жолдауда еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына қатысты мәселелер қамтылады.

"Жолдау жақсы бастамаларға жол ашуда"

2024 жылдың 2 қыркүйегі сағат 11-де ҚР президенті Қ.К.Тоқаев Астана қаласында Парламенттің біріккен мәжілісінде «Әділетті Қазақстан: заң ментәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына өзінің кезекті Жолдауын паш етті.

"Биылғы Жолдау зор міндет жүктеді"

Президенттің халыққа дәстүрлі Жолдауының негізгі мақсаты – елдегі күрделі түйіндерді жедел жүзеге асыру, сол бағытта жергілікті атқарушы органдар мен түрлі салалық құрылымдардың жұмысына бағыт-бағдар беру. Ал, Жолдаудың өз мақсатына жетіп отырғанына толық негіз бар деп айтуға болады. Оған дәлел – соңғы бес жылдың ішінде мемлекеттік құрылымға деген көзқарастың өзгеруі, жалпы жұмыс бағытының басқаша бағыт алуы. Әрине, кемшіліктер де жоқ емес, дегенмен өзгерістің барын жоққа шығаруға болмайды.