Саясат

Атырауда мемлекеттік қызмет  басқармасының басшысы тағайындалды

Атырауда мемлекеттік қызмет  басқармасының басшысы тағайындалды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы лауазымына ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының 2024 жылғы түлегі Қақиева Айнагүл Қазбекқызы конкурстық іріктеусіз тағайындалды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Атыраулықтар татарстандық әріптестермен бірлесіп жұмыс жасауға дайын

Атыраулықтар татарстандық әріптестермен бірлесіп жұмыс жасауға дайын

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Қазан қаласында Татарстан Республикасының Раисы Рустам Миннихановпен кездесті. Атырау облысынан барған делегацияның жұмыс сапары аясындағы жүздесу аймақаралық әріптестікті нығайту, Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты дамытуды көздейді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Атырауда 53 ауыл әкімі біліктілігін арттыруда

Атырауда 53 ауыл әкімі біліктілігін арттыруда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасы аясында Мемлекеттік басқару академиясы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдерін біліктілікті арттыру бағдарламасын әзірледі,-деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Университеттегі келелі кездесу

Университеттегі келелі кездесу

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Дүниежүзілік сайлау күніне орай Атырау облыстық мәслихаты депутаты, басқарма төрағасы-ректор Саламат Идрисов пен Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әсия Қыстаубаева кездесу өткізді. Дүниежүзілік сайлау күні – жыл сайын ақпан айының бірінші бейсенбісінде аталып келеді.

Quiz ойыны көңілді өтті

Quiz ойыны көңілді өтті

Атырау облысының аумақтық сайлау комиссиясының кеңсесінде quiz зияткерлік ойыны өтті. Байқау Дүниежүзілік сайлау күніне орайластырылды.

Президент Үкімет пен әкімдер жұмысы қалай бағаланатынын айтты

Президент Үкімет пен әкімдер жұмысы қалай бағаланатынын айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын аша отырып, әлемдегі күрделі ахуалға тоқталды, деп хабарлайды kaz.inform.kz — Бүгін біз Үкіметтің кеңейтілген отырысында өте өзекті мәселелерге тоқталамыз. Себеп — бәрімізге белгілі. Қазір дүние жүзі түбегейлі өзгеріске ұшырап жатыр. Жаһандық үдерістер, ең алдымен, еліміздің экономикалық ахуалына әсерін тигізетіні анық. Жаппай цифрландыру дәуірі, яғни жаңа технологиялық кезең басталды. Күллі әлем мүлдем басқа жағдайда өмір сүреді. Біз соған міндетті түрде дайын болуымыз керек. Жаңа технологиялық ахуалға сақадай сай тұруымыз қажет. Бұл — еліміздің бәсекеге қабілетін арттырып, тұрақты дамуына жол ашатын аса маңызды фактор, — деді Президент. Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет бүгінгі отырыста Үкімет алдында тұрған жаңа міндеттер айқындалатынын атап өтті. — Үкімет пен әкімдердің жұмысы қаншалықты тиімді екенін алдымен экономиканың даму көрсеткіштері мен азаматтардың тұрмыс сапасына қарай бағалаймыз. Осы жұмыстың нәтижесі былтыр қандай болды? Негізгі міндеттер орындалды ма? Бүгін осы сұрақтарға тоқталамыз және жақын арада шешімін табуға тиіс өзекті мәселелерді талқылаймыз, — деді Мемлекет басшысы. Фото: Ақорда  

Атыраулық сенатор кімдерге шүйлікті?

Атыраулық сенатор кімдерге шүйлікті?

Сенат депутаты Әлібек Нәутиев мұнай-газ саласының өзекті мәселелерін, келешегі зор даму жоспарларын, сондай-ақ шешуді талап ететін тақырыптарды Ембімұнайгаз компаниясының басшылығымен талқылады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.