Бұл туралы біз Ақтөбе облыстық полиция департаментінен білдік, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
"23 наурызда Қандыағаш қаласында екі кәмелет жасқа толмаған балалардың денесі табылды. Олардың өліміне күдікті ретінде анасы, Атырау облысының тұрғыны ұсталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол босанғаннан кейін депрессияда болған. Қылмыстық іс қозғалды, күдікті уақытша үстау изоляторына қамалды. Тергеу полиция басшылығының бақылауында" делінген хабарламада.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ