Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті «KSS» ЖШС-нің бұрынғы бизнес-менеджері Б.К.Меңдіғазиевке қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Ол қылмыстық топты ұйымдастыру, салық төлеуден жалтару және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру күдігімен тергеліп жатыр.
Департаменттің хабарлауынша, тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 262-бабының 1-бөлігі, 245-бабының 3-бөлігі, 218-бабының 3-бөлігі 2, 3-тармақтарымен жүргізілді (қылмыстық топты ұйымдастыру, салық төлеуден жалтару және қылмыстық жолмен алынған ақшаларды заңдастыру). Күдікті Қазақстан Республикасының шекарасынан тыс жерде болғандықтан халықаралық іздестіруге жарияланған.
«Департамент ҚПК-нің 294-бабына сәйкес тергеу әрекеттерінің аяқталғаны туралы хабарлайды және күдікті мен оның қорғаушыларына қылмыстық іс материалдарымен танысу құқығын түсіндіреді» делінген ведомство хабарламасында.
Амандық АБДОЛ
Фото: облыстық ПД