Наурыз мейрамында үріккен жылқы адамдарға шапқан

Жамбыл облысы Қызылшаруа ауылында Наурыз мерекесі кезінде сахна алдында отырған адамдарға шапқан жылқының иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Бұл туралы облыстық Полиция департаменті мәлімдеді.

"22 наурызда әлеуметтік желілерде жылқы үркіп, шабандозды жығып, көпшілікке шапқаны туралы видео жарияланды. Бұл оқиғаны полиция тіркеді", - деп жазылған хабарламада.

Ведомство мәліметінше, азаматтар ауыр дене жарақатын алмаған және медициналық көмекке мұқтаж болмаған.

"Полиция қызметкерлері тексеріс жүргізді, жануардың иесі анықталды, ол әкімшілік жауапкершілікке тартылады", - деп түсіндірді департаменттің баспасөз қызметі өкілі.

Видео осы сілтемеде