Тоқаев этноауылдағы қолөнер жәрмеңкесін аралап көрді

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 21 наурызда этноауылдағы қолөнер жәрмеңкесін аралап көрді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда мәліметіне сүйенсек, биыл көрмеге отандық қолөнершілермен қатар Қытай, Ресей, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Түркия, Иран, Тәжікстан елдерінен шеберлер шақырылған.

Президентке ұлттық ойындар, қазақстандық дизайнерлер мен танымал брендтердің ұлттық киім үлгілері таныстырылды.

Фото akorda.kz