"Еліміздің басым бөлігінде фронтальды бөліктердің жылжуына байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, түнгі уақытта жаңбыр мен қар түрінде, күндіз жаңбыр түрінде жауын-шашын болады", - дейді "Қазгидромет" РМК.
Солтүстікте түнде қар жауады деп күтіледі. Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында нөсер жаңбыр жауады деп болжанады. Жалпы, бүкіл ел бойынша ортақ табиғи құбылыс - желдің күшею ықтималдылығы. Солтүстік-батыста, шығыста және Қазақстанның орталығында тұман түссе, солтүстікте, шығыста көктайғақ, оңтүстікте найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі.
Астанада 23 наурызда аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз болады деп күтіледі. Жолдарда көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің түндегі екпіні 3-8 м/с, күндіз - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: -8...-10°, күндіз: шамамен 0°.
Алматыда аспан бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 3-8 м/с, найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м / с. Ауа температурасы түнде: +10...+12°, күндіз: +18...+20°.
Шымкентте аспан бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде: +11...+13°, күндіз: +21...+23°.
Фото freepik