Қаланың 15 аумағында (Өркен, Нұрсая, Зарослый, Алмагүл, Авангард, Вокзал маңы, Атырау ықшамаудандары және т.б.) өлшемі 12х12 болатын жаңа балалар ойын алаңдары салынып, қазіргі таңда толық аяқталып, халық игілігіне берілді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Сонымен қатар, 29 мекенжайда (Береке, Көкарна, Құрсай, Жұмыскер, Авангард, Геолог, Сарыарқа көшесі және басқа да аумақтарда) 20х15, 20х20 және 40х25 (екі “Кораблик” түріндегі алаң) көлеміндегі балалар ойын алаңдарын салу жұмыстарына оң қорытынды алынып, қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
"Балалар – біздің болашағымыз. Сондықтан олардың бос уақытын тиімді өткізуіне, денсаулығын нығайтып, қауіпсіз ортада ойнауына жағдай жасау – басты мақсатымыз. Бұл – балалардың шат күлкісі мен ата-аналардың ризашылығына толы игі бастама. Алдағы уақытта да Атырау қаласын көркейту және жайлы қалаға айналдыру бағытында жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табатын болады" дейді Абаттандыру және көгалдандыру секторының маманы Дулат Қадыржанұлы.
Амандық АБДОЛ