Астана қаласында орналасқан Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінде ерекше оқиға орын алды. Бұл күні жас сарбаздар Отан алдында ант қабылдаса, олардың қатарында Атырау қаласындағы 5546 әскери бөлімінің командирі, полковник Ерлан Ипатовтың ұлы қатардағы жауынгер Данияр Берікқалиев те болды.
Қазақстанда
Мұхтар Мағауин өмірден өтті, деп хабарлайды kaz.inform.kz
10 қаңтарда Қазақстанның Ұлттық ұланы қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді. 2015 жылы осы күні «Ұлттық ұлан туралы» Заңға қол қойылып, оның құқықтық мәртебесі бекітілді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Су ресурстары және ирригация министрлігі 6 облыс әкімдігімен бірлесіп елді мекендерді көктемгі су тасқынынан қорғау мақсатында 56 жобаны іске асырып жатыр, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің православ христиандарына зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тіледі, деп хабарлайды Қазақпарат Ақордаға сілтеме жасап.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылар мен базалық зейнетақы төлемдерінің барлық түрінің мөлшері ҚР Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 6,5%-ға, ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға, яғни инфляция деңгейінен 2% - ға оза отырып ұлғайтылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
ІІМ отандық ұялы байланыс операторларымен бірлесіп, ел аумағында алаяқтық қызметтің жолын кесу бойынша жұмысты жалғастырып келеді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті Оралдағы колледж студентінің қайғылы қазасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
CNN Travel 2025 жылы саяхаттауға тұрарлық 25 бағыттың тізімін жариялап, Қазақстанды ерекше мәртебеге лайық деп таныды. Атап айтқанда, Алматы қаласы саяхаттауға тиіс ең үздік бағыттардың қатарына енді. Қала кең табиғи ландшафттар мен дамып келе жатқан урбанистік мәдениетті біріктіретін ерекше атмосферасының нәтижесінде Орталық Азияның «жаңа стиль астанасы» деп аталды.
4 қаңтар сағат 08.00-дегі жағдай бойынша боран, жел, жолдың нашар көрінуіне байланысты Астана — Щучье бағытында жол қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы ҚазАвтоЖол мәлім етті.
Осы жылғы көктем Қазақстан халқы үшін сынақпен басталып, еліміздің солтүстігі мен батыс аймағын қарғын су алып кеткен еді. Халқымыз бұл қауіпті жұрт болып жұмылып сейілтті. Сындарлы кезеңде су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға, өзге өңірлер гуманитарлық көмек жөнелтіп, жылу жинап, еріктілер белсенді қызмет етті, деп жазады Egemen.kz.