2025 жылы 15 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстанда
Наурызнама онкүндігінде 16 наурыз отбасылық құндылықтарды дәріптеуге арналған. Шаңырақ отбасының тұрақтылығы мен ұрпақтың жалғасуының символы.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытауда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың IV отырысында бірыңғай уақыт белдеуіне көшу мәселесіне пікір білдірді.
Үш жылда саяси реформалар жан-жақты өзгерістер жасауға мүмкіндік берді. Бұл туралы Бурабайда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті. - Ең алдымен бүгін Амал күні баршаңызға құтты болсын дегім келеді. Қыстан аман-есен шығып, ағайын-бауырмен көрісу – ежелден келе жатқан ата дәстүріміз. Бұл күн – Әз-Наурыздың бастауы. Еліміздің төл мерекесі биыл да қасиетті Ораза айына орайлас келіп отыр. Қастерлі мейрамдарымыз халқымызды игі амалдар жасауға үндейді. Асыл қасиеттерімізді кеңінен дәріптейді. Құрылтайдың ұлық мерекелермен қатар өтіп жатқаны – жақсылықтың нышаны, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы осыдан үш жыл бұрын наурыз айында арнайы Жолдау жариялағанын еске салды. - Елімізді түбегейлі жаңғырту үшін ауқымды реформа жасайтынымызды айттым. Сол кезде алғаш рет Ұлттық құрылтай туралы бастама көтердім. Үш жылдың ішінде Қазақстан жаңа тұрпатты ел болды. Саяси реформалар жан-жақты өзгерістер жасауға мүмкіндік берді. Жалпыхалықтық референдум арқылы Ата заңға түзетулер енгізілді. Парламенттің құзыры кеңейді, Үкіметтің жауапкершілігі артты. Адам құқықтарын қорғау жүйесі жақсарды. Конституциялық сот құрылды. Шешім қабылдау үдерісіне азаматтардың белсене қатысуына жол ашылды. Басқа да бағыттарда маңызды реформалар жасалды, - деді Президент. "kaz.inform.kz" Фото: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың IV отырысында құрылтай мүшесі, Мәжіліс депутаты Айдос Сарым 2030 жылға дейінгі Ішкі саясат доктринасын қабылдауды ұсынды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақтандықтарды Амал күнімен құттықтады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Премьер-министр Олжас Бектенов экономикалық блок министрліктері басшылығымен Мемлекет басшысының ел экономикасының тұрақты өсуі мен әртараптандырылуын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау мәселесі бойынша жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлады Үкімет баспасөз қызметі.
Наурыз - ең көп демалысы бар айлардың бірі. 2025 жылы наурызда да қазақстандықтар бірнеше күн демалады.
Ішкі істер министрлігі Алматы әуежайындағы оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
8 наурыз күні Ақтау – Алматы бағыты бойынша ұшқан ұшақ әуежайға қайта оралған еді. Әуе компаниясы бұл жағдайдың себебін түсіндірді, пишет kaz.inform.kz.
Кеше, 8 наурызда Швецияның Турсбю қаласында өткен IBU парабиатлоннан әлем кубогы кезеңінде қазақ спортшысы Ербол Хамитов жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгін – театр әртісі, қазақ киносының анасы Әмина Өмірзақованың туған күні, деп хабарлайды Zakon.kz.