Футболдан әлем чемпионаттарын делдалсыз көретін болдық

ATPress.kz. 16 маусым. Қазақстан телевизиясының тарихында тұңғыш рет ФИФА аясындағы ең үздік турнирлерді көрсетуге қатысты аса ауқымды келісімшарт жүзеге асырыла бастады. «Қазақстан» РТРК» АҚ («Kazsport» пен «Қазақстан») бірден футболдан екі әлем чемпиона

Мұндай ақжолтай ақпаратты ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Фейсбуктегі парақшасында хабарлады.

- Айта кету керек, бұл мәселеде ТВ құқығын алып сатушы делдалдарды айналып өтіп, келісімді құқыққа ие болушының өзімен жасауға қол жетіп отыр. Осының арқасында қомақты қаржы үнемделуде, - деп жазады Д. Абаев.

Министрдің хабарлауынша, аталған екі чемпионаттан басқа Қазақстанда әлемдік клубтық біріншіліктерді, футзал мен жағажай футболы бойынша әлем чемпионаттарын, әйелдер, түрлі жастағы жастар мен жасөспірімдер құрамалары арасындағы әлем біріншіліктерін, сондай-ақ, 17-ші маусымда басталатын Конфедерация-2017 Кубогын көрсету құқығы сатып алынды. Бұл бәсекелерді «Kazsport» пен «Қазақстан» телеарналарынан тікелей эфирде тамашалауға болады.

 

Ж. Жалғас

Фото tengrinews.kz сайтынан