ATPress.kz. 26 маусым. Индер аудандық ауруханасында әйелдер және ерлер үшін арнайы қабылдау бөлмелері ашылды.
Мұнда арнайы бөлінген мамандар емделушілерді алғашқы дәрігерлік тексеруден өткізеді. Қан мен көздің қысымын өлшеу, тағы басқа ауытқуларды анықтау жұмыстары жетілдірілген қондырғылар арқылы жедел жүзеге асырылады. Сонымен қатар, ер адамдар арасындағы онкологиялық сырқаттардың алдын алу мақсатында арнайы кабинет ашылып, онда фельдшер Айбол Нәсиполла қабылдау өткізіп жатыр.
Өз тілшіміз,
Индер ауданы
Фото: stomatologclub.ru