ATPress.kz. 28 маусым. "Атырау облысына танымал кәсіпкер және меценат Ибрагим Ақдрашев "Мақат ауданының құрметті азаматы" атағын иеленді", - деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.
Еліміздегі әлеуметтік жобаларға, қоғамдық өмірдің дамуына зор үлес қосып келе жатқан Ибрагим Ақдрашев жергілікті халықты тұрақты жұмыспен қамту мәселесін де басты назарда ұстап келеді. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындар, қамқорлықты қажет ететіндер, балалар үйі, қарттар мен мүгедектер үйі, соғыс ардагерлері де кәсіпкердің қамқорлығынан тыс қалған емес.
Ибрагим Ақдрашевтің тікелей қатысуымен Мемлекет басшысының "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында 2017 жылы Мақат ауданының Доссор поселкесінде саябақ аумағы абаттандырылды, Адай ата киелі орнына баратын жолға асфальт төселді. Ақмешіт ауыз сумен қамтылды.
"Құрметті азамат" атағы - елеулі еңбекке деген ілтипат. Бұл құрмет белгісі ғана емес, ел алдында алға қарай да атқарылатын істерге жауапкершілік жүктейді", - дейді меценаттың өзі.
Тасым Әбіш