«Жібек жолы» турнирі: Қазақстандық боксшылар бес жолдамаға ие болды

Әзербайжан астанасы Баку қаласында өтіп жатқан «Жібек жолы» халықаралық турнирінде екінші жарыс күнінің нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды kaz.inform.kz.

Ел құрамасынан Гүлназ Бөрібаева (48 келі) әзербайжандық Гунел Рахимованы 4:1, Томирис Мырзақұл (52 келі) реесйлік Анастасия Маркованы 5:0 есебімен тізе бүктірсе, Анжа Сәдуақасова (52 келі) әзербайжандық Зиола Юсифова 0:5 есебімен есе жіберді.

Ал ерлер құрамасынан 48 келіде Нұрғиса Тұрабеков Павел Васильевті 4:1 есебімен жеңсе, аталған салмақта Ернар Қарап өзбекстандық Бахруз Холдоровтан 0:5 есебімен жеңіліп қалды.

54 келіде Бексұлтан Боранбек ресейлік Максим Кузнецовтан 1:4 есебімен ұтылса, Жандәулет Сәрсенбаев өзбекстандық Канан Алиевтан, Бағлан Кенжебек грузиялық Ладо Карчавадан 5:0 есебімен басым түсті.

Еске салсақ, 11 сәуірде ел құрамасынан екі боксшы жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.
Бұл күні 75 келіде Санжарәлі Бегалиев әзербайжандық Фархад Шейдаевті 5:0, Мақсат Өтегенов сол елдің тағы бір өкілі Расим Чобанлиді 3:2 есебімен тізе бүктірді.