AtyrauPress тілшісінің хабарлауынша, Қаныш Сәтбаев даңғылын қайта жаңарту жұмыстарына байланысты қоғамдық көлік бағыттары өзгереді.
Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, Атырау қаласының инфрақұрылымын сапалы дамыту мақсатында басты көше — Қаныш Сәтбаев даңғылында қайта жаңарту кезеңі өтеді.
Осыған байланысты 14 сәуірден бастап Құрманғазы көшесіндегі көпірден Қабдырахман Ерниязов көшесімен қиылысқа дейінгі Қаныш Сәтбаев даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады.
Сонымен қатар, кейбір автобустардың бағыттарының өзгеретінін хабарлаймыз.
Жаңартылған бағыттар сызбасы мен жолдың жабылу картасы арнайы картада көрсетілген.