Атырауда балық шаруашылығындағы инвестициялық жобалардың тәуекелдері мен қолдау шаралары қаралды

Облыс әкімінің орынбасары Марат Мурзиевтің төрағалығымен облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасымен жасалған «Protection» бағдарламасы аясындағы балық шаруашылығы жобаларын іске асыру туралы жиын өтті.

«Protection» бағдарламасы балық шаруашылығы саласындағы жобаларды жоспарлау кезеңінен бастап іске қосуға дейін сүйемелдеуге арналған. 

Бастама мақсаты инвесторлардың құқықтарын қорғау және жобаның іске асырылуының барлық кезеңін қолдау. 

Кеңесте ведомствоаралық өзара іс-қимылдың нақты тетіктері талқыланып, инвесторлар тап болуы мүмкін кедергілерге жедел ден қою, сондай-ақ өңірдің балық шаруашылығын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға назар аударылды.

Мүдделі мемлекеттік органдар қолданыстағы заңнама шеңберінде қолдау көрсетіп, жобаларды сүйемелдеу жөніндегі жұмыс топтарына қатысуға дайын екенін растады.