Жеті адам не үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды?

ATPress.kz. 13 наурыз. Балық аулауда заңсыздықтарға жол бергені үшін Құрманғазы ауданында жеті адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының Құрманғазы аудандық бөлімінің басшысы Сансызбай Тоғаевтың айтуынша, бір ғана ақпан айында 65 хаттама толтырылған. 

- 22 материал сотқа жолданды. Әкімшілік іс бойынша 46 адамға 956 мың 824 теңге айыппұл салынды. Мемлекетке келтірілген зиян көлемі 1 миллион 582 мың теңгеге бағалануда. Бұдан бөлек, үш автокөлік, екі мотоцикл тәркіленді, - деген спикер бірінші сәуірден бастап, суда жүру режімі электронды және қағаз түрінде әрбір қайыққа берілетінін айтты. 

 

Қанат Ғұмаров