ATPress.kz. 26 қаңтар. «Бүгінгі күнгі қалыптасып отырған жағдай соттардан татуластыру рәсімдерін, медиацияны кеңінен қолдану жұмыстарын жандандыра түсуді талап етеді», - дейді Құрманғазы аудандық сотының төрағасы Е. Аманғалиев.
Оның айтуынша, күнделікті тәжірибе медиация үлгісінің өміршеңдігін, дауды шешудің ең төте және тиімді жолы екендігін көрсетіп отыр. «Аудан бойынша бүгінде 15 кәсіби емес, 2 кәсіби медиатор жұмыс жасайды», - деген Е. Аманғалиев сот процесінде халыққа жасалатын жеңілдіктердің жалғасатынын айтты.
А. Шакупова