Құрманғазыда заңсыз балық аулаған бес азамат ұсталды

ATPress.kz. 16 қаңтар. 11 қаңтар күні Құрманғазы ауданында су маржанына заңсыз қол сұққан бес азамат ұсталды.

Кейін олардың Ганюшкин ауылдық округінің тұрғындары екендігі анықталып отыр. Құрманғазы аудандық ішкі істер бөлімі мен орман шаруашылығы және жануарларды қорғау инспекциясының рейдтік шарасы кезінде округке қарасты Ескі әуежай ауылынан шыға берісте «ВАЗ 21-013» және «ВАЗ 21-14» маркалы автокөлігі тоқтатылып, тексеру кезінде көліктен 300 келіге жуық қарабалық тәркіленді. Сонымен қатар, балық аулайтын алты құрал және екі шана да тәркіленіп отыр.

Бүгінде тұтқындалған азаматтарға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

 

Өз тілшіміз