Құрманғазыда 150 жуық тұрғынға тегін кеңес берілді

ATPress.kz. 20 қараша. Құрманғазы ауданында С. Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті.

Оған сәулет және қала құрылысы, білім, азаматтық хал актілерін тіркеу, жер қатынастары, халыққа қызмет көрсету орталығы және басқа да  бағыттар бойынша  мемлекеттік қызмет көрсететін 9 мемлекеттік орган қатысып, 150 жуық тұрғын кеңес алды. 

Оларға ең талап етілетін салалардағы мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтер туралы түсіндіріліп, парақшалар таратылды, кеңестер берілді. Келушілердің басым көпшілігі жер телімдері, үй кезегі және жылжымайтын мүліктерді ресімдеу туралы сауалдарын қойды.

 

Өз тілшіміз