АTPress.kz. 31 мамыр. Атырау қаласының №2 сотының тергеу судьясы кәмелетке толмаған қыз балаға азғындық әрекеттер жасаған деп күдіктенген ер адамға қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына екі айға санкция берді.
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлағанындай, тергеу дерегі кезінде А.М. есімді азамат Атырау қаласының Әуезов көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің алдында кәмелетке толмаған 7 жасар А.Н.-нің ойнап жүргенін көреді. Оған сол маңдағы дүкеннен сусын мен чипсы алып беріп, алдап подъездің ішіне кіргізіп, азғындық әрекет жасаған.
Мереке Асанова
Сурет uralinform.ru сайтынан