ATPress.kz. 16 қараша. Бүгін Қызылқоға ауданы орталығындағы «Арман» мәдениет үйінде аудан бойынша биылғы жылдың 10 айындағы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының статистикалық есептік көрсеткіштеріне арналған семинар-кеңес болып өтті.
Онда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша басқарманың арнайы есепке алу жөніндегі прокуроры Диляра Ермекова өз баяндамасын слайд арқылы түсіндірді. Ол аудан бойынша биылғы жылдың он айы қорытындысының негізгі көрсеткіштерін, комитеттік ақпараттық жүйесі арқылы мүмкіндіктерді жүзеге асыру мен алдағы уақытта жүзеге асатын жобалар туралы баяндап, қылмыстық құқық бұзушылықтың картасы, әкімшілік құқық бұзушылық және қылмыс бойынша қысқаша ақпарат берді.
Өз тілшіміз
Сурет ZhambylNews.kz сайтынан алынған