Индерде Өзбекстан азаматшасы жауапқа тартылды

ATPress.kz. 13 наурыз. Шекарадан өтіп, Қазақстанда болу тәртібін бұзғаны үшін Индерде Өзбекстан азаматшасы жауапқа тартылды.

Индер аудандық соты анықтағанындай, Өзбекстан азаматшасы құзырлы органдарға ағымдағы жылдың 7 ақпанында Атырау қаласы, Вокзал маңы мөлтек ауданы, №3а үй, 5 пәтерге тіркелген. Бірақ, іс жүзінде Атырау асып, Индер ауданына қарасты Көктоғай ауылындағы «Бал-Нұр» мейрамханасында жұмыс жасап, сол жерде тұрып жатқан болып шықты. 

Қазақстан Республикасында болу тәртiбiн бұзған оның кінәсі дәлелденіп, шет ел азаматшасы мемлекет шекарасынан әкімшілік жолмен шығарып жiберу түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.

 

Өз тілшіміз