Биылдан бастап Қазақстанда педофилдер кастрацияланады

ATPress.kz. 1 қаңтар. Бүгіннен бастап Қазақстанда педофилдерді химиялық кастрациялау туралы заң күшіне енді.

ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, кәмелетке толмағандарды жыныстық қорлау қылмысы өткен жылы 31%-ға азайған. Яғни, 2016 жылы ел бойынша аты жаман қылмыстың 531 фактісі тіркелген болса, 2017 бұл факт 364 дейін төмендеп отыр. 

«Ал, кастрациялау процесі елімізде сот шешімі арқылы жүзеге асады», - деп хабарлайды Zakon.kz. Яғни, тергеу процесі кезінде күдіктіге сот-психиатриялық сараптама тағайындалады, нәтижелер негізінде сот арнайы үкім шығарады. 

Ал, химиялық кастрациялау процесінің өзі түрмелерде немесе бостандыққа шыққандарға амбулаторияларда жасалатын болады. Қазақстан таңдаған препараттың бір ампуласының құны 4 мың теңге тұрады. Кастрация мақсатына осы жылдың өзіне 9,6 млн теңге бөлініп отыр. 

 

Бек Әзберген

Сурет: kapital.kz