Атырауда сотталған азаматтар үшін көрме ұйымдастырылды

ATPress.kz. 18 қараша. Атыраудағы УГ157/9 түзеу мекемесінде көшпелі көрме өтті. Көрмеге Атырау облыстық өлкетану музейінде сақталған құнды жәдігерлер әкелініп, жазасын өтеушілерге көне мұра, қазақтың өткені, тарихы туралы кеңінен ақпарат берілді.

Атырау облысы дін істері басқармасының бас маманы Мейрам Қиқымбаевтың айтуынша, сотталған азаматтар заң алдында жауапты, десе де, адами моральдық құқықтан ажырамайды. «Алға қарай түзеу мекемелеріндегілер спорттық шараларға қатысады. Филармония өнерпаздарының концертін және театрлық қойылымдарды тамашалай алады» дейді ол.

УГ157/9 түзеу мекемесінің бастығы, әділет подполковнигі Ерлан Дәулетқалиевтан білгеніміздей, қазіргі таңда ерлер түрмесінде істі болған  430 адам отыр.

Айта кетелік, шараны Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында Атырау облысы Дін істері басқармасы  «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығымен бірлесіп өткізді. 

 

Бек Әзберген