Мұнай өңдеу тереңдігі 84 пайызға дейін ұлғаяды

ATPress.kz. 16 желтоқсан. Атырау мұнай өңдеу зауыты енді «Еуро-4» және «Еуро-5» стандартындағы мотор майларын өндіруді ұлғайтады. Бұл жағдай Атырау мұнай өңдеу зауытында Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешенінің іске қосылу нәтижесінде мүмкін болып отыр.

Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, бүгінде зауытты жаңғыртудың үшінші кезеңі аяқталды. Индустрияландыру картасына енгізілген Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешенінің құрылысы «қара алтынды» өндіру тереңдігін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Және әлемдік деңгейдегі мотор отындарын шығару көлемі де  ұлғаяды. 

Кешеннің құрылыс жұмыстарына 4000 адам жұмылдырылған. Және  кешеннің іске қосылуы -  490 жаңа жұмыс орнының ашыуына мүмкіндік беріп отыр. «Енді, автокөлік жанармайын өңдеу жылына 1 миллион 700  мың тоннаға дейін, дизель отынын шығару  23 пайызға, авиакеросин өндіру 244 мың тоннаға дейін артады. Атырау мұнай өңдеу зауыты К4 және К5 (яғни «Еуро-4», «Еуро-5») экологиялық классқа жататын мотор майларын шығарып, мұнай өңдеу тереңдігін 84 пайызға дейін ұлғайтады», - дейді компанияның бас директоры Ғалымжан Амантурлин.

 

Бек Әзберген