Майкөмгенде құм тоқтату жұмыстары жүргізіледі

ATPress.kz. 16 қаңтар. Жылыой ауданына қарасты Майкөмген ауылында құм тоқтату жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы тұрғындар алдында есеп беру кезінде Майкөмген ауылдық округінің әкімі Нұржарық Сауытов мәлімдеді.

Он екі шаруа қожалығының басын біріктіріп отырған Майкөмген ауылы негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Жастар жағы да орта және шағын кәсіпкерлікке ден қойған. 

Жиын барысында тұрғындар ауылға балабақша, мектеп сынды әлеуметтік нысандар салынса деген ұсыныстарын айтты.

 

Ж. Шаңқанова