ATPress.kz. 27 желтоқсан. Махамбет ауданы бойынша 1402 белсенді шағын кәсіпкерлік субьектілері тіркелген. Және олардың 314-інің жастар екендігі қуантады.
Биыл аудан кәсіпкерлерін қолдау мақсатында мемлекеттік бағдарламалар және өзге де қаржы институттары арқылы 83 адамға 1307,5 млн теңге несие берілген. Оның он пайызы жастарға тиесілі. Соның ішінде, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында Алмалы ауылының жас кәсіпкері Р. Хайруллинаның балаларға арналған массаж кабинетін ашу үшін 711 мың теңге көлеміндегі қайтарымсыз грант ұтып алғанын атап өткен жөн.
Бұл жөнінде Махамбет ауданы әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңес отырысында аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ж.Пазулов баяндады. Кеңес отырысын қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Ұ. Тналиев жастар саясатына қолдау көрсетіп жүрген бір топ белсенді жастарға аудан әкімінің алғыс хаты мен ескерткіш сыйлықтарды табыстады.
Ф. Қожанова,
Махамбет ауданы