ATPress. 3 мамыр. «Қазақстан Даму банкі» инвестициялық жобаларды қаржыландыру «табалдырығын» 30 млн АҚШ долларынан 7 млрд теңгеге дейін төмендетуді көздейді.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «Қазақстан Даму банкі» АҚ басқарма төрағасы Болат Жәмішев мәлімдеді.
Оның айтуынша, «Несие саясаты» туралы меморандумның жаңа редакциясына сәйкес, тамақ өнеркәсібін қаржыландыру 30 млн АҚШ долларынан 3 млрд теңгеге дейін, экспорт операциялары үшін 5 млн АҚШ долларынан 1 млрд теңгеге дейін азаяды.
Сондай-ақ, басқарма төрағасы 2016 жылы банк өз жұмысын өзгерткенін жеткізді. Жаңа бағыт бойынша банктің ақпараттық ашықтығына мән беріледі. Осы орайда бұрын қол жетпейтін ресми мәліметтерді www.kdb.kz сайтынан толық алуға болады.
Дайындаған Айдос Қарабала