Азғыр өңіріне жол салу мәселесі зерделенуде

ATPress.kz. 6 сәуір. Азғыр өңіріне жол салу қаншалықты тиімді? Бұл осы өңірдегі елдімекендер тұрғындарының жүректеріне шемен болып қатқан өткір жайдың бірі. Халық құлағдар болып жатқанындай Ел Тәуелсіздігінің шуақты сәулесі алыс өңір – азғырлықтарға да тү

Газ құбыры Сүйіндікке таяды. Тұрғындардың жарығы түзеліп, таза суға да қолы жете бастады. Енді халыққа жол керек. Осы мәселе бойынша Сенат депутаты Сәрсенбай Еңсегеновтың республикалық комиссияның құрылуына депутат ретінде ықпал жасағаны белгілі. Осыған байланысты сенатор бастаған комиссияның облыстық, аудандық өкілдері Азғыр өңіріне сапарлап қайтты.

«Ондағы мақсатымыз Азғыр бойына тас қабатты жол салу қаншалықты тиімді? Жол салына қалған жағдайда, Үштаған маңындағы «Бесшоқы» биігінің қиыршық тастары кәдеге аса ма? Қиыршық тас тасымалы жеңіл құрылыс материалы ролін қаншалықты атқара алады? Қоры қандай деңгейде? Осы және басқа сауалдарға жауап іздеу», - дейді комиссия өкілдері.

 

Өз тілшіміз