Атырауда бизнесті дамытуға 560 млн теңге бөлінді

ATPress.kz. 13 желтоқсан. Атырауда мемлекеттік бағдарламалар аясында 56 бизнес-жобаға қаржылық қолдау көрсетілді.

Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, биылғы жылы жергілікті тұрғындардан өткен жылмен салыстырғанда жұмыспен қамтылғандардың саны 4,6 есе көп. 

Бұдан басқа, пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 4,7 млрд теңге көлемінде 93 бизнес-жоба мақұлданды. Облыста жаңа кәсіпорындар ашу 200 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Бұдан өзге, биылғы жылы «ТШО» компаниясы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Жарқыра» бағдарламасы аясында алты жобаға грант бөліп, екі бизнес-идеяны жүзеге асыру үшін пайызсыз несие ретінде 6 млн теңге бөлген. 

 

Бек Әзберген