Ауған соғысы тарих парақтарында алтын әріппен жазылып, боздақтардың ерліктерін өшірмесі анық, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі. Зұлмат соғысқа аттанған жас сарбаздар бүгінде ардақты ардагерлер. Есімдері ерекше сипатқа ие ардагерлерді құрметтеу - бүгінгі ұрпақтың парызы. Осы мақсатта Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай 14 ақпан күні Атырау облысы полиция департаментінде Ауған соғысының ардагерлерін құрметтеу, жас ұрпақты патриоттық тәрбиелеу мақсатында Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өтті. Кездесуге Ауған соғысы және ІІО ардагері отставкадағы полиция подполковнигі Жұмабаев Ұзақбай Дүйсенүлы, Ауған және ІІО ардагері, Атырау облыстық Ауған соғысы ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары отставкадағы полиция майоры Шәкіров Толыбай Шәкірұлы қонақ ретінде келіп, тақырып аясында тағылымды әңгімелерімен бөлісіп, болашақ жастардың тәлім-тәрбиесі жайлы ой өрбітті. Шара барысында Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Нұрхат Кенжебайұлы Оразбаев Ауған соғысы және ІІО-ның ардагерлерін Ішкі істер министрлігінің құрметті ардагері төсбелгісімен, Чукеев Мұхамбет Есалыұлының медалімен және департамент бастығының алғыс хатымен марапаттады. - Биыл Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толып отыр. Өздерінің денсаулығы мен өмірлерін қиып, әскери борышын орындаған жауынгерлерімізге мәңгілік тағзым етеміз. Еліміздің бүгінгі заманда жеткен жетістіктерінде ішкі істер органдары ардагерлерінің өлшеусіз ерен енбектері мен ұлағатты істері ұрпақ жадында мәңгі сақталады,-деді департамент бастығы полиция полковнигі Нұрхат Кенжебайұлы Оразбаев.
Әлеумет
Осы жылға барлық қаржыландыру көздері есебінен 750 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Атырау қалалық полиция басқармасы Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қашан да қайырымдылық іс-шараларының басы-қасынан табылады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Атырау қаласының Жастар ресурстық орталығының және Еңбек мобильдігі орталығының ұйымдастыруымен «Тұлға бол» жылжымалы кеңес беру жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Ауған соғысының ардагерлері оқушылармен ерлік сабағын өткізді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Биыл Мақат ауданының құрылғанына тура бір ғасыр толып отыр. Аз уақыт емес. Ал, бұл ауданның аты ел тарихында алтын әріптермен жазылып қалғанын білесіз бе? Себебі, қазақтың ең алғашқы «қара алтыны» осы өлкеде, нақтырақ айтқанда, Доссор кентінде атқылаған болатын, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Атырау облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының тапсырысымен Мақат ауданының Доссор кентінде 60 пәтерлі үйдің құрылысы басталды. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Дастан Жарлықасымов баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Бұл туралы Атырау облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Алем Уалиев баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Жылыой ауданында «Қадам» жобасының кіріспе семинары өтті. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Атырауда әлеуметтік осал топтағы азаматтарға сатып алынған 132 пәтердің кілтін табыстау жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Атырауда алғаш рет көру және есту қабілеті бұзылған балаларды мектепке даярлайтын «Шамшырақ» орталығы ашылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.