«Тұлға бол» жылжымалы кеңес беру жәрмеңкесі өтті

Атырау қаласының Жастар ресурстық орталығының және Еңбек мобильдігі орталығының ұйымдастыруымен «Тұлға бол» жылжымалы кеңес беру жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде ұйымдастырылған іс-шараға облыстық Ішкі саясат басқармасы, Жастар ресурстық орталығы, Отбасы банкі және Еңбек мобильділігі орталығының өкілдері қатысты.

- Бұл іс-шараның мақсаты - «дипломмен ауылға», «жұмыспен қамту» жобалары бойынша жастарға түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Қазіргі таңда жас мамандардың оқу бітірген соң жұмысқа орналасуы қиындық туғызып жатады. Ал бұл бағдарламалар оларға үлкен мүмкіндік, яғни жастар өз қалаған жұмыс орнында 6 айдан 1 жылға дейін талантын жақсы көрсете алса, штаттық қызметкер деңгейіне көтеріле алады. Жастарды осы бағдарламалармен танысып, іске асыруға шақырамыз,- деді Атырау облыстық Жастар мәслихатының депутаты Асухан Назымбеков.

Жәрмеңке барысында өңір жастары қала бойынша қандай бос жұмыс орындары және қандай мелекеттік бағдарламалар бар екендігі жөнінде мәлімет алып, өздерін толғандырған сұрақтардың жауабын тапты.

Кеңес беру жәрмеңкесі қызықты ойындармен және концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.