Жылыой ауданында «Қадам» жобасының кіріспе семинары өтті. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Жобаның мақсаты – үй шаруашылығында (жұмыссыз) мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған аналар, көп балалы аналар және асыраушысынан айырылған жалғызбасты аналарға өз ісін бастауға бағыт-бағдар беру.
Жоба 10 кезеңнен тұрады. Бүгін жобаның 3-ші кезеңі, яғни, анкетадан іріктелген әйелдерге жоба туралы түсіндіруге арналған кіріспе семинары өтті. Жобаға қатысуға 457 адам қатысуға ниет білдіріп, оның 150-і іріктеліп, бүгінгі семинарға қатысты.
Жалпы жоба аясында 50 нәзікжанды тігіншілік, аспаздық, визажист, шаш сәндеуші және маникюр мамандығына оқытылады. Қатысушыларға одан бөлек, кәсіп бастауға арналған мотивациялық, психологиялық тренингтер және компьютерлік сауаттылық, СММ курстары өткізіледі.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ