Синоптиктер 2025 жылдың 23 наурызына арналған синоптикалық жағдай мен Қазақстандағы ауа райының қауіпті құбылыстарына қатысты болжаммен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жаңалықтар
ТЖМ және жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлері Атырау облысы Жылыой ауданының 6 бекетте ықтимал қауіпті учаскелерінде бөгеттерді нығайту бойынша жұмыстарды жүргізуде .
Наурызнаманың онкүндігі және Ізгі істер марафоны аясында «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен “Жаныңдамын” және «Жақсылықта жарысайық» қоғамдық қорлары көпбалалы, аз қамтылған, мүгедек бала тәрбиелеп отырған 20 отбасыға азық-түлік жиынтығын дайындап, тарту етті. Айта кетелік, өткен жолы 20 шақты отбасы шараның шарапатын көрген болатын.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы – тек тарихи дата ғана емес, ұрпақтар сабақтастығының, ерлік пен бірліктің символы.
22 наурыз - Ұлыстың ұлы күнінде Исатай-Махамбет алаңында 26 киіз үй тігіліп, мейрамды тойлаушылар әрқайсынан наурызкөже ішіп, ұлттық тағамдардан дәм татты. Сондай-ақ 30-ға жуық азық-түлік және 40-қа жуық қолөнер бұйымдарының көрмесі қойылды. Аймақ басшысы Серік Шәпкенов киіз үйлерді аралап, тұрғындарды жыл басымен құттықтады. Әр үйде қазақтың салт-дәстүрі дәріптеліп, ұлттық ойындар да ойнатылды,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Мен Құрылтайдың өткізілуін алға басқан қадам деп есептеймін, өйткені ол түрлі саяси көзқарастағы әлеуметтік топтар мен ұрпақтар өкілдерін біріктіруге арналған. Бұл шара қоғамдағы өзара түсіністік пен келісімнің символына айналуы тиіс.
Біз осыдан бірнеше жыл бұрын белгілі атыраулық ұстаз Шәміл Жұмашевпен сұхбаттасқан едік. Бүгінде ол өмірден өтсе де, артында қалған өнегелі әңгімелері оның атын өшірмесі анық. Біз бүгін соның бірін Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аясында оқырман назарына ұсынғанды жөн көріп отырмыз. Нақтырақ айтқанда, бүгінгі әңгімеміз оның Ұлы Отан соғысында қаза тапқан ағалары жайында болмақ, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанды басқарған алты жылы түрлі саяси және экономикалық өзгерістермен есте қалды. Оның президенттік кезеңі бірнеше маңызды реформалар мен халықаралық оқиғалармен сипатталады. Мұны еліміздің Премьер-министрі Олжас Бектенов те өзінің "Ілгерілеуге бастаған алты жыл: Қазақстан орнықты даму жолында" атты мақаласында атап өткен болатын.
Х.Доспанова атындағы Атырау халықаралық әуежайы – батыс өңірінің әуе қатынасындағы басты қақпасы. Соңғы жылдары жолаушылар саны артқан сайын инфрақұрылымды жаңарту мен қызмет сапасын жақсарту қажеттілігі туындады. Әуежайдың қазіргі жағдайы қандай? Жаңа инвесторлар қандай өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр? Бұл өзгерістер жолаушыларға қалай әсер етеді? Бұл тақырып Атырау қалалық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мәжілісінде әңгіме өзегіне айналды.
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов атыраулықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
2025 жылдың 20 мен 25 наурыз аралығында Ақтөбе облысында орналасқан өзен алаптарының жоғары жағынан ағып келетін суға байланысты Атырау облысының Қызылқоға және Жылыой ауданындағы Ойыл мен Жем өзендерінде су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтіледі және өзеннің төменгі ағысында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі болуы мүмкін, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Атырау облысында өткен жылы мәдениет саласында айтарлықтай жетістіктерге жеткендігі айқын көрінеді. Облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өткен алты мыңға жуық іс-шара мен 940 мың көрерменнің қатысуы бұл саладағы белсенділікті айқындайды. Мәдениетке деген қызығушылықтың артқаны, әртүрлі фестивальдер мен байқаулардың ұйымдастырылуы өңірдегі өнер мен мәдениеттің дамуына оң ықпалын тигізіп отыр.