Атырауда бүгінгі су деңгейі қандай?

2025 жылдың 20 мен 25 наурыз аралығында Ақтөбе облысында орналасқан өзен алаптарының жоғары жағынан ағып келетін суға байланысты Атырау облысының Қызылқоға және Жылыой ауданындағы Ойыл мен Жем өзендерінде су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтіледі және өзеннің төменгі ағысында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі болуы мүмкін, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Мемлекеттік бақылау желісіндегі гидрологиялық мониторинг деректері бойынша Атырау облысы су нысандарының 2025 жылғы 22 наурыздағы сағат 8.00-дегі жай-күйі туралы мәлімет:

  • Ембі-Аққызтоғай гидробекетінде су деңгейі 223 см, қауіпті белгі 340 см. Тәулік ішінде өзгеріссіз (0 см). Жоғарғы ағыстан су келуіне байланысты су деңгейінің ауытқуы күтілуде.

  • Ойыл-Миялы гидробекетінде су деңгейі 424 см, тәуліктік өсім +46 см. Жоғарғы ағыстан су келуіне байланысты су деңгейінің ауытқуы күтілуде.

  • Сағыз-Сағыз гидробекетінде  су деңгейі 646 см, тәулік ішінде өзгеріссіз (0 см). Жоғарғы ағыстан су келуіне байланысты су деңгейінің ауытқуы күтілуде.

20-25 наурыз аралығында дауылды ескерту жарияланды.

Аман ШАМАР