Атырауда әз Наурыз кең көлемде тойланды

22 наурыз - Ұлыстың ұлы күнінде Исатай-Махамбет алаңында 26 киіз үй тігіліп, мейрамды тойлаушылар әрқайсынан наурызкөже ішіп, ұлттық тағамдардан дәм татты. Сондай-ақ 30-ға жуық азық-түлік және 40-қа жуық қолөнер бұйымдарының көрмесі қойылды. Аймақ басшысы Серік Шәпкенов киіз үйлерді аралап, тұрғындарды жыл басымен құттықтады. Әр үйде қазақтың салт-дәстүрі дәріптеліп, ұлттық ойындар да ойнатылды,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Возможно, это изображение толпа

Шара «Қош келдің, әз-Наурыз» атты театрландырылған концерттік бағдарламамен басталды.

Возможно, это изображение 6 человек

Салтанатты жиында сөз сөйлеген Серік Шәпкенов ұлттық бояуы қанық төл мерекенің құндылығы жас ұрпаққа насихатталу керегін айтты.

- Жаңа жылды жақсы ниетпен, пайдалы іспен бастау – талайдан қалыптасқан дәстүр. Ұлыстың ұлы күнінде қонақжай жұртымыз ақ дастарқан жайып, бір-біріне ақжарма тілегін айтады. Бұлақтың көзін ашып, тал егеді, төңіректі тазартады. Биыл Ұлыстың ұлы күні Рамазан айымен тұспа-тұс келіп отыр. Қазақ жеріндегі дін мен дәстүрдің үйлесімі дәл осы кезде айқын көрінеді, – деген еді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев. Әз-Наурыз – жаңару пен жасампаз рухтың жаршысы. Тағылымы мол бұл мереке – адам мен табиғат арасындағы үндестіктің, келісім мен татулықтың алтын арқауы. Қазақ халқының ұлы мәдениеті мен бай салт-дәстүрінен бастау алған Наурызда ізгілік пен ынтымаққа, татулық пен сыйластыққа апаратын сүрлеу бар. Қазақ елінің бірлігі мен ынтымағы артып, Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, егемендігі мәңгі баянды болсын! Әр шаңырақтың төріне қуаныш пен молшылық тілеймін!-деді С.Шәпкенов.

Возможно, это изображение 5 человек и текст

Алаңда қазақ күресі, қой көтеру, ләңгі тебу, бұқа тартыс сынды ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтіп, жеңіспаздар қаржылай сыйлықпен марапатталды. Бұдан бөлек, қонақтарға арналып 500 кг бауырсақ пен 1500 литр наурыз-көже ұсынылды.

Возможно, это изображение 8 человек, ребенок и текст

Мерекеде эстрада жұлдыздары «Жігіттер» квартеті мен Нұрболат Абдуллин, жергілікті әртістер әннен шашу шашты.

Возможно, это изображение 4 человека, ребенок и толпа

Возможно, это изображение 11 человек, толпа и текст