ATPress.kz. 17 қараша. Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Жылыой ауданындағы Д.Жазықбаев атындағы №16 орта мектептің жоғары сынып оқушылары арасында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты тренинг өтті.
Психологтар Набат Жақсылыққызы мен Мөлдір Жапалова жүргізген тренингті оқушылар арасында мейірімділік, достық тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды. Қорытынды кезеңінде шаттық шеңбері құрылды. Оқушылар бір-біріне жақсылық пен шаттық тілеп, қоршаған ортаға деген мейірім сезімдерін білдірді. Барлық қатысушылар естелік сыйлықтармен марапатталды.
Ж.Шаңқанова